ФОТО. Кабайел Чжилеяны нокаутқа түсіріп, WBC-ның уақытша чемпионы атанды
22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында WBC нұсқасы бойынша суперауыр салмақтағы (90,7 кг-нан жоғары) уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті. Бұл кездесуде рингке қытайлық Чжан Чжилей (27-2-1, 22 КО) мен жеңіліс көрмеген неміс боксшысы Агит Кабайел (25-0, 17 КО) шықты.
Жекпе-жек басында Чжилей рингтің ортасын бақылауда ұстап, алыстан шабуылдады. Ал Кабайел қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарсылас соққыларынан қорғанумен болды. Неміс боксшысы жақын қашықтықта жекпе-жек жүргізуге тырысқанымен, Чжилей оған қарсы дәл соққыларымен жауап берді.
3-раундтан бастап Кабайел қарқынын үдете түсті. 5-раундта ол нокдаунға түсіп қалғанымен, жылдам ес жиып, қарсыласынан есесін қайтарды. 6-раундта Чжилей ауыр соққы алып, канвасқа құлады және жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, Агит Кабайел техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBC уақытша әлем чемпионы атанды.
Агит Кабайел (Германия) – Чжан Чжилей (Қытай) – ТКО 6


