ФОТО. Каллум Смит Буатсиді жеңіп, WBO-ның уақытша чемпионы атанды
22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында бокс кеші өтті. Кештің басты оқиғасы Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек болды.
Андеркарттың маңызды айқастарының бірі жартылай ауыр салмақта (79,4 кг-ға дейін) WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпион атағы үшін өтті. Бұл кездесуде рингке британдық Джошуа Буатси (19-1, 13 КО) мен экс-чемпион Каллум Смит (31-2, 22 КО) шықты.
Жекпе-жек барысында Буатси жақын қашықтықта жұмыс істеп, белсенді шабуыл жасады. Алайда, Смит оған денеге бағытталған ауыр соққылармен жауап беріп отырды. 6-раундта Смит қарсыласын нокдаунға жіберуге жақын болды. Ол Буатсиге ауыр соққы жасады, дегенмен Буатси жекпе-жекті жалғастыра алды.
Соңғы раундтарда екі боксшы да қарқындарын арттырды, бірақ нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Каллум Смитке берді.
Каллум Смит (31-2, 22 КО) – Джошуа Буатси (19-1, 13 КО) – UD 12 (119:110, 115:113, 116:112)


