Ғасырға татитын жарақат: Санатали Тольтаев бокстан әлем кубогында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы турнирдегі алғашқы қарсыласын жеңді
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: НОК РК
65 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Санатали Тольтаев 1/16 финалда Әзербайжандық Малик Хасановпен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі боксшы да алма-кезек шабуылдап, қызу айқас көрсетті. Алайда екінші раундта әзербайжандық спортшының ғасыры жарақат алып, жеңіс Санатали Тольтаевқа бұйырды.
Бұған дейін өз жекпе-жектерінде Серік Теміржанов пен Сабыржан Аққалықов, сондай-ақ Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай жеңіске жеткен болатын.
World Boxing әлем кубогы Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Турнирге әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр.