locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алимханұлы Ширазбен жекпе-жек не үшін қажет екенін түсіндірді

Оның басты мақсаты – мексикалық жұлдыз Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу
Алимханұлы Ширазбен жекпе-жек не үшін қажет екенін түсіндірді
Алимханұлы Ширазбен жекпе-жек не үшін қажет екенін түсіндірді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазбен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлімханұлының айтуынша, британдық боксшының өзі оған аса қызық емес. Қазақстандық спортшы Ширазбен ықтимал жекпе-жек оған ең алдымен WBO чемпиондық белбеуі үшін қажет екенін атап өтті.

Одан кейін Жәнібек титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Ал оның басты мақсаты – мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альвареспен кездесу.

«Ол маған қызық емес! Ол танымал емес боксшы! Ол маған ештеңе бермейді! Маған тек титул керек! Содан кейін – WBC мен WBO жекпе-жегі! Яғни, Жәнібек пен Канело!» – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Әлімханұлы титулдық жекпе-жек өткізу құқығына ие болды

Бұған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты шеттетілгеннен кейін рингке қайта орала алатынын хабарлаған. Ұйым қазақстандық боксшының дисквалификация мерзімін қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

10 шілдеден бастап Әлімханұлы WBO аясында жекпе-жек өткізуге қойылған шектеулерден босатылды.

14 тамызда қазақстандық боксшы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы титулға міндетті үміткер атанғаны белгілі болды. Бұл белбеудің иесі – британдық Хамза Шираз. Тараптарға келіссөз жүргізу үшін 20 күн берілді.

Шираз WBO шешіміне наразылығын білдірді

Шираз Әлімханұлының міндетті үміткер ретінде тағайындалуына байланысты ұйымның шешімін сынға алды. Британдық боксшы WBO-да жемқорлық болуы мүмкін екенін де айтты.

Журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Шираз ұйымның шешімін «қалжың» әрі «бокстағы масқара» деп атады. Оның айтуынша, WBO бұған дейін мельдонийге оң допинг-тест тапсырған спортшыны іс жүзінде марапаттап отыр.

Сонымен қатар британдық боксшы қазақстандықпен міндетті жекпе-жек өткізбес үшін WBO титулынан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Әлімханұлының басты мақсаты – Канеломен жекпе-жек

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартып, екінші орта салмаққа көтерілген болатын. Қазақстандық боксшы өзінің басты мақсаты Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу екенін бірнеше рет мәлімдеген. Альварес – мексикалық бокс жұлдызы әрі бұрынғы абсолютті әлем чемпионы.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie