Айбек Оралбай қатысатын Азия ойындары жартылай финалының тікелей трансляциясы: қайдан көруге болады
Бүгін, 29 қыркүйекте, Айти мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының атынан рингке алғаш болып Айбек Оралбай шығады. Ол 90 келіден жоғары салмақта Үндістан өкілі Нарендермен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Оралбай жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальды кепілдеген қазақстандық бес боксшының бірі атанды. Одан бөлек, финалға шығу үшін Алуа Балкибекова (51 кг), Наталья Богданова (75 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) сынға түседі. Олардың жартылай финалдық жекпе-жектері 30 қыркүйекте өтеді.
2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері 2 қазанға жоспарланған.