locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық мергендер тартысты бәсекеде Азия ойындарының медалін жеңіп алды

Командамыз стенд атудан қола жүлдеге ие болды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша командалық жарыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почивалов жарыс қорытындысы бойынша 348 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді 355 ұпай көрсеткен Кувейт құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлдегер атанған Катар өкілдері 349 ұпай жинады. Осылайша, Қазақстан командасы күміс жүлдегерлерден небәрі бір ұпайға қалып қойды.

НОК РК

Әйелдер арасындағы командалық «трап» жарысында Қазақстан намысын Милана Папчихина, Наргиза Сарманова және Элеонора Ибрагимова қорғады. Әйелдер құрамасы жүлдегерлер қатарына кіре алмады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша жеке сайыстың іріктеу кезеңіне қатысты. Іріктеу кезеңінде Әлішер Айсалбаев 117 ұпай жинап, жетінші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Даниил Почивалов 116 ұпаймен 12-орынға, ал Марк Почивалов 115 ұпаймен 15-орынға жайғасты. Екі мерген де іріктеу кезеңінен өте алмады.

Әйелдер арасында Элеонора Ибрагимова 110 ұпай жинап, тоғызыншы нәтижемен финалға шықты.

Наргиза Сарманова 105 ұпаймен 19-орынға ие болса, Милана Папчихина 104 ұпай жинап, 21-орын алды. Спортшылар жеке сайыстағы өнерін аяқтады. Жеке жарыстардың финалдары бүгін, 29 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 35 спорт түрінен медаль сарапқа салатын 558 спортшы өнер көрсетіп жатыр.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie