ВИДЕО: Бубликтің US Open-дегі жеңілісі қалай болды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің жекелей сындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бублик турнирдің үшінші айналымында әлемнің 21-ракеткасы Томми Полға жол берді. АҚШ өкілі бес сетке созылған тартысты кездесуде 4:6, 6:3, 7:6 (4), 1:6, 3:6 есебімен жеңіске жетті.
Бесінші сеттегі алтыншы гейм шешуші болды: америкалық теннисші оны өз пайдасына аяқтап, US Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Бублик мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымынан аса алды. Алайда келесі кезеңге өте алмады. Бұған дейін біз Бубликтің US Open-2026 турнирінде қанша жүлде қоры алғанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар Александр жұптық сындағы өнерін Қытай өкілі Шан Цзюньчэнмен бірге жалғастыруда.
Бубликтің Полдан жеңілген кездесуінің бейнешолуын төменнен тамашалауға болады.