Бублик US Open турнирінде қанша ақша тапты?
Қазақстандық теннисші Александр Бублик америкалық Томми Полдан үшінші айналымда жеңіліп, АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бублик әлемнің 21-ракеткасы Томми Полға турнирдің үшінші айналымында жол берді. US Open-2026 жарысының осы кезеңіне дейін жеткені үшін қазақстандық теннисші 290 мың доллар жүлде және 100 рейтингтік ұпай алады.
Турнир барысында Бублик әлемдік рейтингте 253-орында тұрған америкалық Джеффри Вулф пен 67-орындағы француз Адриан Маннариноны жеңді.
US Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Ерлер арасындағы жекелей сында чемпион 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Бұған дейін Polymarket платформасында белгісіз қолданушы Александр Бубликтің US Open турнирінің екінші айналымындағы америкалық Томми Полға қарсы матчта жеңілетініне 500 мың долларға жуық қаржы тігіп, 750 мың доллар ұтқан болатын.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының – US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты. Екінші айналымда қазақстандық теннисші испаниялық Джессика Бузас Манейроны сенімді түрде жеңді.