Шок: Бублик Полдан жеңіліп, US Open турнирінен шығып қалды
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open турнирінің 1/8 финалына өте алмады. Ол бес сетке созылған триллерде америкалық Томми Полға есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алғашқы сетте америкалық басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда Бублик мінез көрсетіп, матч барысын өз пайдасына өзгерте алды: алдымен екінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті, кейін үшінші партияда тай-брейкте басым түсті.
Бірақ әлемнің 21-ракеткасы берілмеді. Бублик жеңіске жетуге бір сет қалған кезде америкалық алдымен қазақстандықты 6:1 есебімен ойсырата жеңді, кейін тіпті Бубликке «бублик» сыйлауы мүмкін еді. Алайда 0:5 есебінде қазақстандық теннисші қатарынан үш гейм алып, есепті қысқартты.
Өкінішке қарай, жақын көрінген камбэк жүзеге аспады: Пол алтыншы геймді алып, US Open турнирінің 1/8 финалына жолдама рәсімдеді. Бублик мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатындағы екінші айналымның сиқырлы шекарасынан өтті, алайда одан әрі өте алмады.
Ал Бубликтің жеңілетініне жарты миллион долларға жуық ақша тіккен жанкүйер шампан ашуына болады: ол шынымен де 750 мың доллар табыс тапты.
Теннис. US Open, 1/16 финал
Александр Бублик — Томми Пол (АҚШ) — 2:3 (4:6, 6:3, 7:6 (4), 1:6, 3:6)