locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бавариядан» алаңдатарлық жаңалық: Венсан Компани есінен танып, ауруханаға түсті

Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компани клубтың жаттығу базасында болған жағдайдан кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бельгиялық маманның жағдайына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болд
Футбол
«Бавариядан» алаңдатарлық жаңалық: Венсан Компани есінен танып, ауруханаға түсті
«Бавариядан» алаңдатарлық жаңалық: Венсан Компани есінен танып, ауруханаға түсті

Оқиға жұма күні, 23 қазанда, «Баварияның» Мюнхендегі жаттығу базасында болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Неміс басылымының мәліметінше, 40 жастағы маман негізгі команданың жаттығуынан кейін өзін жайсыз сезінген. Компани жастар құрамасының жаттығуын тамашалауды жоспарлаған, алайда кенеттен есінен танып қалған.

Оқиға орнына медициналық қызметкерлер келіп, кейін мюнхендік команданың бапкерін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді.

Хабарланғандай, бельгиялық маман соңғы күндері вирустық инфекциядан кейін денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Бұған дейін ол кейбір жаттығуларға және баспасөз мәслихатына қатыспаған.

БАҚ-тағы алдын ала ақпаратқа сәйкес, Компаниның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Есінен тануының нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

«Бавария» өткізетін келесі матч 25 қазанда Германия чемпионаты аясында «Фрайбургке» қарсы өтеді. Компани жаттықтырушылар орындығында бола ала ма, әзірге белгісіз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie