locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Almaty Open турнирінің жартылай финалына шықты!

Үйдегі турнирдің ширек финалында Александр Хачановпен тартысты кездесу өткізді
Теннис
ФОТО: Getty Images

Александр Бублик Almaty Open турнирінің ширек финалында ресейлік теннисші Карен Хачановты тартысты әрі ұзаққа созылған кездесуде жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші сет ресейлік теннисшінің пайдасына аяқталды: Хачанов 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте кортта тартысты күрес өрбіді, ал тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңіске жетті.

Шешуші партияның жеңімпазы да тай-брейкте анықталды. Алматыдағы турнирде қорытынды жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алған Бублик болды.

Almaty Open турнирінің финалына шығу үшін қазақстандық теннисші тағы бір ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Еске сала кетейік, Бублик Almaty Open турнирінің ширек финалына қарсылассыз өтті. Оның екінші айналымдағы қарсыласы, венгриялық Фабиан Марожан матчқа қатысудан бас тартты. Ал Хачанов чехиялық Томаш Махачты тартысты кездесуде 6:2, 4:6, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie