Токиодағы турнирде Рыбакина Путинцеваға қарсы: онлайн көру. LIVE-трансляция
Бейсенбі, 29 қазанда қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Токиодағы (Жапония) WTA 500 санатындағы турнирдің үшінші айналымы матчында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде бірінші орында, ал Путинцева 67-сатыда тұр. Қазақстандық дербидің жеңімпазы жарыстың ширек финалына шығады.
Рыбакина мен Путинцева арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады. Кездесуді осы жерден көруге болады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін бұл матч Toray Pan Pacific Open 2026 турниріндегі дебют болады. Токиодағы сапарына дейін Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен жарыста жеңіске жетті. Ол финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Путинцева болса, Токиода бұған дейін үш матч өткізіп үлгерді. Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде жапониялық Хая Киноситаны (216-орын) — 7:5, 6:2 — және Саяка Исииді (556-орын) — 4:6, 6:2, 6:3 — жеңді.
Негізгі кезеңнің бірінші айналымында қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 30-орында тұрған грек теннисшісі Мария Саккариді 6:4, 3:6, 6:1 есебімен ұтты.