Рыбакинаға бәсекелес Пегула US Open турнирінде жарқын камбэк жасады
Әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
US Open-2026 турнирінің үшінші айналымында америкалық теннисші WTA рейтингінде 17-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.
Алғашқы сетте кездесудің андердогы жеңіске жетті — 6:1. Алайда кейін Пегула камбэк жасап, келесі екі сетте 6:4 және 6:3 есебімен басым түсті. Теннисшілер кортта 2 сағат 12 минут өткізді.
Төртінші айналымда америкалық спортшы румыниялық Сорана Кырстямен (WTA17) кездеседі.
Пегула US Open турнирін румыниялық Елена-Габриэла Русемен болған матчтағы жеңіспен бастады — 6:3, 6:2. Ал екінші айналымда отандасы София Кенинді сенімді түрде ұтты — 6:3, 6:1.
Еске салайық, US Open-2026 турнирі Нью-Йоркте 30 тамыздан 13 қыркүйекке дейін өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды. Бұл — теннис тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.