locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open жеңісінен кейін титулын қорғауға шешім қабылдады

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Нинбодағы турнирге қатысатынын растады
ФОТО: Getty Images

Жақында US Open турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Ол былтырғы титулын қорғауы керек, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ningbo Open-2025 турнирінің финалында Рыбакина ресейлік Екатерина Александровадан басым түскен еді. Биыл қазақстандық теннисші Нинбо корттарына қайта оралмақ.

«Мен биыл Нинбоға қайта оралатынымды қуана хабарлаймын. Өткен жылы бұл турнирде жеңіске жеттім, ол туралы керемет естеліктерім бар. Нинбоға қайта барып, қала мен оның жанкүйерлерінен ләззат алуды асыға күтіп жүрмін. Сіздермен кездесуді тағатсыздана күтемін», - деді Рыбакина қытайлық жанкүйерлеріне жолдаған үндеуінде.

Ningbo Open-2026 турнирі 19-25 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асады.

Еске салайық, өткен аптада Рыбакина US Open турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титул болды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie