locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінің жарқын сәттерінен видео жариялады

Қазақстандық теннисші финалдың жарқын сәттері түсірілген видеоға «Сол түнді қайта бастан өткеріп жатырмын» деген жазба қалдырды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында жаңа кадрлар жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спортшы Нью-Йорктегі турнирден фотосуреттер мен жеңісінің негізгі сәттері түсірілген видеоны бөлісті.

Финалдың жарқын эпизодтары көрсетілген видеоның сипаттамасына қазақстандық теннисші: «Сол түнді қайта бастан өткеріп жатырмын», - деп жазды.

US Open-ның шешуші матчында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, алғаш рет осы турнирдің чемпионы атанды. Бұл қазақстандық теннисшінің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы болды. Бұған дейін Рыбакина 2022 жылғы Уимблдон мен 2026 жылғы Australian Open жарыстарында жеңіске жеткен.

Сонымен қатар, Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріліп, Соболенконы көшбасшылықтан ығыстырды. Қазақстан теннисі үшін бұл тарихи жетістік болды. Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Оған дейін Қазақстанның ерлер немесе әйелдер арасындағы жекелей сында бірде-бір өкілі әлемдік рейтингте бірінші орынға шықпаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтаған болатын.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie