locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін Instagram-да жазба жариялады

Қазақстанның бірінші ракеткасына әлемнің үздік теннисшісі атануға бір ғана қадам қалды
ФОТО: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің төртінші айналымында Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққаннан кейін Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«АҚШ ашық чемпионатының ширек финалы✅», – деп Рыбакина жарияланымына қысқаша жазба қалдырды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасына US Open турнирінің ширек финалына шығу және атақты қарсыласын сенімді түрде жеңу үшін небәрі 66 минут жеткілікті болды.

Кездесу барысында Елена алты эйс жасап, Осака екі эйс орындады. Рыбакина бір рет қос қателікке жол берсе, жапондық теннисші бес рет қателесті. Жалпы ұтқан ұпай саны бойынша да қазақстандық спортшы басым түсті – 60:41.

US Open-2026 турнирінің ширек финалында Рыбакина 9 қыркүйекте қытайлық Чжэн Циньвэньмен (WTA рейтингінде 121-орын) кездеседі. Төртінші айналымда Чжэн сенсациялық түрде польшалық Ига Швёнтекті жеңді. Егер жартылай финалға шықса, Елена әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie