locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соңғы кедергі қалды: Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Чжэн Циньвэнь — әлемдік рейтингтің шыңына апарар жолдағы соңғы қарсылас
Соңғы кедергі қалды: Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осаканы US Open турнирінің 1/8 финалында жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атануға барынша жақындай түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы сетте қарсыласын небәрі 22 минутта жеңді. Екінші партия әлдеқайда тартысты өтті.

Осака сет барысында үш рет алға шыққанымен, басымдығын сақтап қала алмады — оның әр ұтқан гейміне Рыбакина өз жауабын беріп отырды. Ал есеп 3:2 болғанда, Қазақстанның бірінші ракеткасы қатарынан төрт гейм жеңіп алды.

Рыбакина бесінші геймді де өз пайдасына аяқтай алатын еді, алайда екі матчболды пайдалана алмады. Ол үшін тағы бір гейм қажет болды. Сол геймде Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңісін рәсімдеді.

Онымен бірге Рыбакина ширек финалға да жолдама алды. Онда оның қарсыласы қытайлық Чжэн Циньвэнь болады. Дәл осы теннисші Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атану жолындағы соңғы кедергісі болмақ — АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шығу қазақстандық теннисшіге әлемдік рейтингтің көшін бастауға кепілдік береді.

Теннис. US Open, 1/8 финал

Наоми Осака (Жапония) — Елена Рыбакина — 0:2 (1:6, 4:6)

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie