locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Токиодағы турнирден неге бас тартқанын түсіндірді

Елена ширек финал матчы басталар алдында жанкүйерлеріне үн қатты
Теннис
Рыбакина Токиодағы турнирден неге бас тартқанын түсіндірді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өткен WTA 500 турниріндегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы жанкүйерлеріне үн қатып, не себепті жарыстағы күресін жалғастыра алмағанын түсіндірді.

Спортшының айтуынша, соңғы бірнеше күнде оны болмашы жарақат мазалаған. Соның салдарынан ол әдеттегі деңгейінде өнер көрсете алмаған.

«Соңғы екі күнде мені болмашы жарақат мазалап жүр. Соның салдарынан алаңға шығып, 100 пайыз күшіммен ойнау қиын болды. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді, сондай-ақ турнир ұйымдастырушыларына да ризашылығымды білдіремін. Келесі жылы мұнда қайта ораламын деп үміттенемін», - деді Рыбакина.

Токиода қазақстандық теннисші бір ғана матч өткізіп үлгерді. 1/8 финалда ол отандасы Юлия Путинцеваны 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Рыбакинаның жарысқа қатысудан бас тартуынан кейін оның ширек финалдағы қарсыласы Лейла Фернандес келесі кезеңге автоматты түрде өтті.

Айта кетейік, бір күн бұрын Елена 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынды иеленетініне кепілдік берген еді.

«Мен өте бақыттымын» - Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін қамтамасыз етуі туралы

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie