Хабиб Нурмагомедов Астанадағы күрестен әлем чемпионатына барды
Аты аңызға айналған файтер «Барыс Аренада» көзге түсті
Басқа спорт түрлері
ФОТО: Telegram Исатайдың арбасы
Аты аңызға айналған ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатына келді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Нурмагомедов жекпе-жектердің бірінде телетрансляция кадрына ілікті.
Жарияланған суретте ол трибунада отырып, жарысты тамашалап отыр.

Хабиб Нурмагомедов — Дағыстаннан шыққан ресейлік аралас жекпе-жек шебері, UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Ол кәсіби мансабын 2020 жылы мінсіз көрсеткішпен — 29 жеңіс және бірде-бір жеңіліссіз аяқтады. UFC Даңқ залының мүшесі.
Әлем чемпионаты «Барыс Аренада» 24 қазаннан 1 қарашаға дейін өтеді. Жарысқа 135 елден 900-ден астам спортшы қатысып, үш спорт түрі бойынша 30 жүлде жиынтығын сарапқа салады.