locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек күнін жариялады

Әлеуетті жекпе-жек келесі жылдың көктемінде өтуі мүмкін
Бокс
Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек күнін жариялады
ФОТО: WBO

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекті 2027 жылдың мамыр айында өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлімханұлы алдымен жаңа салмақ дәрежесінде чемпиондық титулды жеңіп алуды, содан кейін Канело мен Кристиан Мбилли арасындағы алдағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуді көздеп отыр.

«Қаңтар айында суперорта салмақтағы чемпиондық титулды жеңіп аламын. Мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесіп, титулдарды біріктіргім келеді», - деп жазды қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Канело мен Мбилли арасындағы жекпе-жек 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Бұл кездесуде WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белдік сарапқа салынады.

Ал Әлімханұлы өзінің жақын арадағы қарсыласын анықтап қойды. 2027 жылдың 23 қаңтарында қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесіндегі дебютін жеңіліп көрмеген дат боксшысы Якоб Банкке қарсы өткізеді. Боксшылар WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Канело кім?

Сауль Альварес 36 жаста. Мексикалық боксшы қазіргі заманның ең танымал спортшыларының бірі саналады. Кәсіпқой мансабында ол 68 жекпе-жек өткізіп, 63 рет жеңіске жеткен, оның 39-ы мерзімінен бұрын аяқталған.

Канелоның мансабында қазақстандық Геннадий Головкинмен болған қарсыластықтың орны ерекше. Қос боксшы 2017-2022 жылдар аралығында шаршы алаңда үш рет кездесті. Алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі кездесуде төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie