Рыбакина мен Путинцева WTA жүлдесіне ұсынылды
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) нұсқасы бойынша қазан айындағы ең үздік соққы авторы атағына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі спортшы да Shot of the Month сыйлығының үміткерлері тізіміне кірді. Жанкүйерлер өздеріне ұнаған нұсқаға WTA-ның Instagram-дағы ресми парақшасында дауыс бере алады.
Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турниріндегі әсерлі розыгрыші үшін номинацияға ілікті. Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші жарыстың финалында Канада өкілі Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Путинцева ойынға деген стандарттан тыс тәсілімен ұйымдастырушылардың назарын аударды. WTA оның розыгрыш қарқынын өзгерте білуін және қысқа соққыларды тиімді пайдалану шеберлігін атап өтті.
Қазақстандық теннисшілермен бірге жүлдеге Каролина Мухова, Сара Бейлек және Катерина Синякова (барлығы — Чехия), Майя Хвалиньска (Польша), Чжэн Циньвэнь (Қытай), Диана Шнайдер (Ресей), Лейла Фернандес (Канада) және Жасмин Паолини (Италия) таласады.