locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ұмытылмас Хэллоуин»: Рыбакина Токиодағы турнирден бас тартқаннан кейін жанкүйерлеріне үн қатты

Қазақстандық теннисшінің күнтізбесіндегі келесі жарыс — WTA қорытынды чемпионаты
Теннис
ФОТО: соцсети Елены Рыбакиной

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өткен WTA 500 турниріндегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтағаннан кейін әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші Instagram желісінде Жапония астанасынан бірқатар фотосурет жариялап, сапардан алған әсерімен бөлісті. Жарысты әрі қарай жалғастырудан амалсыз бас тартқанына қарамастан, Рыбакина Токионың өзінде жағымды естеліктер қалдырғанын атап өтті.

«Токиодан бұлай кеткім келмеген еді, бірақ бұл қала ерекше. Керемет естеліктер және ұмытылмас Хэллоуин. Келесі жылы кездескенше», — деп жазды спортшы.

Еске салайық, 30 қазанда Рыбакина денсаулығына байланысты канадалық Лейла Фернандеске (әлемнің 23-ракеткасы) қарсы ширек финалдық матчтан бас тартты. Кейін қазақстандық теннисші мойын тұсында қабыну мен ауырсыну бар екенін, сол себепті толық күшінде ойнай алмағанын айтты. Нәтижесінде Фернандес жартылай финалға күрессіз өтті.

Оған дейін Рыбакина Токиода бір матч өткізіп, Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцеваны (әлемнің 67-ракеткасы) 6:2, 6:3 есебімен жеңген еді. Бұл жеңіс Еленаға 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынды қамтамасыз етті.

Қазақстандық теннисшінің күнтізбесіндегі келесі жарыс — 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтетін WTA қорытынды чемпионаты. Рыбакина 2025 жылы осы турнирде жеңіп алған титулын қорғауы тиіс.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie