locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогындағы алғашқы ойын күнін Францияға қарсы матчпен аяқтады

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістанмен бір топқа түсті
Теннис
ФОТО: КТФ

Мысырдың Каир қаласында жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының (Junior Davis Cup Finals) — 16 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы теннистен командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін Франция командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қорытынды жұптық матчта Қазақстан намысын Ансар Ниеткалиев пен Родион Трайгель қорғады. Олардың қарсыластары француз теннисшілері Бенуа Гелдоф пен Жозеф Фитусси болды.

Кездесу француз дуэтінің 6:3, 6:2 есебімен екі сеттегі жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін жекелей кездесулерде Ансар Ниеткалиев Бенуа Гелдофқа 3:6, 3:6 есебімен есе жіберсе, Ахмади Маханов үш сетке созылған тартыста Пабло Прадаттан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, Франция құрамасы командалық кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістанмен бір топқа түскен.

Ертең, 3 қарашада, қазақстандық теннисшілер топтық кезеңдегі екінші кездесуін АҚШ құрамасына қарсы өткізеді. Ал сәрсенбі, 4 қарашада, Қазақстан командасы топтық кезеңдегі соңғы матчында Үндістанмен ойнайды.

Junior Davis Cup Finals турнирінің финалдық кезеңіне әлемдегі ең мықты 16 жасөспірімдер құрамасы қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда турнирдің ширек финалына шығады.

Қазақстан бойынша Starlink спутниктері арқылы жұмыс істейтін алғашқы ғарыштық мобильді байланыс — тек Beeline клиенттеріне.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie