locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина мен Путинцева рейтингте төмендеді: Уимблдоннан кейін құлдырау

Қазақстанның бірінші ракеткасы ТОП-10-нан шығып қалды
Теннис
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Рыбакина мен Путинцева рейтингте төмендеді: Уимблдоннан кейін құлдырау
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жариялаған жаңартылған әлемдік рейтингте екі саты төмен түсіп, 13-орынға (2806 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінің үшінші айналымында дат қызы Клара Таусонға есе жіберіп, жарыстан шығып қалған болатын.

Ал Юлия Путинцева бірден 10 орын төмендеп, 43-сатыға түсті (1225 ұпай). Ол жарысты алғашқы айналымда-ақ Аманда Анисимовадан (АҚШ) жеңіліп аяқтады.

Жаңартылған рейтингтің көшбасында:

  1. Арина Соболенко (Беларусь) – 12420 ұпай
  2. Кори Гауфф (АҚШ) – 7669
  3. Ига Швёнтек (Польша) – 6813 (Уимблдон чемпионы)

Қазақстандық басқа теннисшілердің нәтижесі:

  • Зарина Дияс – 262-орын (281 ұпай)
  • Жібек Қуламбаева – 300-орын (228 ұпай)

Қазақстандық теннисшілер рейтингте төмендеді: Шевченко топ-100-ден шығып қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie