Қазақстандық теннисшілер рейтингте төмендеді: Шевченко топ-100-ден шығып қалды
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) 14 шілде күні жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінен кейін үш орын төмен сырғып, 34-сатыға жайғасты (1585 ұпай). Оны АҚШ өкілдері – Алекс Микелсен (1670), Брэндон Накашима (1650) және Себастьян Корда (1645) басып озды.
Александр Шевченко рейтингте 98-орыннан 101-орынға төмендеп, топ-100-ден тыс қалды (610 ұпай).
Бейбит Жукаев болса, Уимблдондағы дебютінен кейін 247-орыннан 216-сатыға көтерілді (253 ұпай).
Айта кетейік, барлық қазақстандық теннисшілер Уимблдон турнирінен бірінші айналымда-ақ шығып қалды.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігі өзгеріссіз қалды:
- Янник Синнер (Италия) – 12030 ұпай,
- Карлос Алькарас (Испания) – 8600,
- Александр Зверев (Германия) – 6310.
Тағы да тұрақсыздық па? Бубликке «үлкен жеңістерге деген құлшыныс жоқ» деп сын айтылды.