locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Бейжіңдегі жеңілістен кейін үзіліс алды: не болды?

Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде Алина Чараевадан жеңілгеннен кейін пікір білдірді
Рыбакина Бейжіңдегі жеңілістен кейін үзіліс алды: не болды?
ФОТО: Getty images

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен күтпеген жерден шығып қалғаннан кейін пікір білдірді. Қазақстандық теннисші екінші айналымда Армения өкілі Алина Чараеваға 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жол берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісінен және WTA рейтингінің көшіне шыққаннан кейінгі алғашқы ресми матчы болды. Кездесуден кейін Елена Бейжіңге толық қалпына келіп үлгермей келгенін айтты. Нью-Йорктегі триумфтан кейін көптеген оқиға қатарынан болып, дұрыс тынығуға уақыт аз болған.

«Бүгін кортта маған шынымен қиын болды. US Open-нан кейін көп нәрсе болды, сондықтан толық демалып, қалпыма келуге уақыт жетпеді. Алинаны құттықтағым келеді, ол өте мықты матч өткізді. Соңына дейін ойында қалуға тырыстым, бірақ бүгін бұл жеткіліксіз болды. Матчтың соңына қарай табанымдағы жайсыздықты қайта сезіндім. Енді маған аздап уақыт керек. Қалпыма келіп, алдағы турнирлердегі кестемді қалай құратынымды түсінуім қажет. Мұнда мені қолдағандардың барлығына рақмет. Келесі жылы Бейжіңге жақсырақ жағдайда ораламын деп үміттенемін», - деді Рыбакина.

Жеңілістен кейін Рыбакина қысқа үзіліс жасауға шешім қабылдады. Оның айтуынша, алдағы бір апта толық қалпына келуге арналады. Осыдан кейін ғана маусымның қалған бөлігінде жарыстарға қатыса ала ма, жоқ па белгілі болады.

«Шамамен бір апта демаламын. Осы уақыт ішінде табаным толық қалпына келеді деп үміттенемін. Содан кейін алдағы турнирлерде ойнай аламын ба және маусымды қалай аяқтайтынымды көреміз», - деді қазақстандық теннисші.

Чараеваға қарсы кездесу Рыбакина үшін сәтті басталған еді. Елена алғашқы сетті 6:3 есебімен жеңіп алды. Алайда әлемнің 118-ракеткасы матчтың барысын өзгертіп, келесі екі партияны 6:4 және 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie