locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның Азиада-2026 медальдары үшін спортшыларға қанша сыйақы беретіні белгілі болды

Қазақстан Азиада-2026 медальдары үшін спортшыларға қанша төлейді?
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстанның Азиада-2026 медальдары үшін спортшыларға қанша сыйақы беретіні белгілі болды
ФОТО: olympic.kz

Айчи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар қомақты сыйақы алады. Sports24.kz «Спорт Шредингер» ақпаратына сүйене отырып, ұлттық құрама чемпиондары мен жүлдегерлеріне қанша төленетінін есептеп шықты.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, Азия ойындарының алтын медалі үшін спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлде үшін 5 мың доллар, ал қола үшін 3 мың доллар төленеді. Жаттықтырушыларға да бөлек сыйақы қарастырылған: алтынға 5 мың, күміске 3 мың, қолаға 2 мың доллар.

Теңгеге шаққанда бір медаль үшін төлем мөлшері мынадай: алтынға шамамен 4,48 млн теңге, күміске 2,24 млн теңге, қолаға 1,34 млн теңге. 3 қазанда доллар бағамы 447,73 теңгені құрады.

Командалық спорт түрлерінде бөлек тәртіп бар. Жалпы медальдық есепке бір ғана жүлде кіргенімен, команда құрамындағы әр спортшы сыйақыны толық көлемде алады. Мысалы, 15 спортшыдан құралған команда күміс медаль жеңіп алса, әрқайсысына 5 мың доллардан төленіп, жалпы сома 75 мың долларға жетеді.

«Спорт Шредингердің» есебі бойынша, қазіргі таңда қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы көлемі былай бөлінеді:

•алтын медальдар үшін - 160 мың доллар, шамамен 71,64 млн теңге;
•күміс жүлделер үшін - 145 мың доллар, шамамен 64,92 млн теңге;
•қола медальдар үшін - 240 мың доллар, шамамен 107,46 млн теңге.

Осылайша, спортшыларға төленетін жалпы сыйақы 545 мың долларды құрайды. Бұл 3 қазандағы бағаммен шамамен 244 012 850 теңгеге тең.

Бұл сомаға жаттықтырушылардың сыйақысы кірмейді. Оларға арналған төлем бөлек есептелетіндіктен, Қазақстан құрамасын марапаттауға жұмсалатын жалпы қаржы бұдан да жоғары болады.

Айта кетейік, бұған дейін Азиада жүлделері үшін мемлекеттік сыйақыны көбейту мәселесі талқыланған еді. Ұсыныс бойынша алтынға 50 мың доллар, күміске 15 мың, қолаға 10 мың доллар төлеу қарастырылған. Алайда әзірге бұл өзгерістер күшіне енген жоқ, сондықтан есеп қолданыстағы мөлшер бойынша жүргізіліп отыр.

Азиада-2026 4 қазанда аяқталады. Сондықтан Қазақстанның медальдар үшін төлейтін қорытынды сыйақы сомасы әлі де өзгеруі мүмкін.

ФОТО: olympic.kz
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie