locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсация: Рыбакина China Open турнирінің алғашқы айналымында бұрынғы ресейлік теннисшіден жеңілді

Әлемнің бірінші ракеткасы Армения өкілі Алина Чараеваға қарсы ойнады
Сенсация: Рыбакина China Open турнирінің алғашқы айналымында бұрынғы ресейлік теннисшіден жеңілді
ФОТО: Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші нөмірмен жеребеге түскен қазақстандық теннисші Бейжіңдегі «мыңдық» турнирді екінші айналымнан бастады. Қазақстандықтың Бейжіңдегі алғашқы қарсыласы Армения өкілі Алина Чараева болды.

Рыбакина алғашқы сетте 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Екінші партияда кортта тартысты күрес өрбіді. Армения өкілі 3:2 есебімен алға шықса, Рыбакина есепті қуып жетуге мәжбүр болды.

Әлемнің бірінші ракеткасы көп ұзамай есепті теңестірді. Алайда Чараева берілмей, тағы да алға шықты да, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, ойын үшінші партияға ұласты. Шешуші сетте сенсациялық жеңісті Армения өкілі иеленді (6:3)! Қарсыластар кортта 2 сағат 12 минут өткізді.

Айта кетейік, бұл Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы кездесуі болды.

Чараеваның үшінші айналымдағы қарсыласы британдық теннисші Сонай Картал (WTA рейтингінде 129-орын) болады. Ол екінші айналымда қытайлық Ван Синьюйді (38-орын) жеңді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie