Рыбакина Бейжіңдегі турнир басталар алдында пікір білдірді
Қазақстандық әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдегі жарыс жолын бастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық теннисші Instagram желісінде Бейжіңнен фотосуреттер жариялап, маусымның Азиядағы бөлігіндегі өнерін жалғастыруға дайын екенін айтты.
«Қайтадан корттамын және Азия сериясына дайынмын!» — деп жазды Рыбакина.
China Open турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Рыбакина бірінші нөмірлі ойыншы ретінде жарысты екінші айналымнан бастайды.
Бейжіңнен кейін қазақстандық теннисші Уханьда өтетін WTA 1000 турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Одан кейін Рыбакина 19-25 қазан аралығында WTA 500 санатындағы турнир өтетін Нинбоға аттанады.
Нинбода Елена 2025 жылы жеңіп алған титулын қорғайды. Осылайша, алдағы апталарда әлемнің бірінші ракеткасы Қытайда — Бейжің, Ухань және Нинбо қалаларында бірқатар турнирге қатысады.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» III дәрежелі орденімен марапаттады. Бұл марапат теннисшінің елеулі спорттық жетістіктері мен Қазақстанда теннисті дамытуға және танымал етуге қосқан зор үлесі үшін берілді.