locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сметов пен Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты

Бүгін әйелдер арасындағы 48 және 52 келіге дейінгі, сондай-ақ ерлер арасындағы 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: коллаж

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен Қазақстанның ең атақты дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Айти-Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы дзюдодан жарыс жалғасып жатыр.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің басты фавориттерінің бірі Елдос Сметов жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Юнг-Вей Янгпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы «ваза-ари» бағасының арқасында жеңіске жетті.

Сондай-ақ Қазақстанның 29 жастағы өкілі Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Тайбэйден келген Линь Чэньхаоны жеңді.

Белдесудің аяқталуына бір жарым минут қалғанда қазақстандық спортшы сәтті әдіс жасап, ұпай алды. Бұл жеңіске жетіп, финалға шығуына жеткілікті болды.

Айта кетейік, бүгін әйелдер арасындағы 48 және 52 келіге дейінгі, сондай-ақ ерлер арасындағы 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie