Әлем чемпионы Алуа Балкибекова Азия ойындарының жүлдегері атанды
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балкибекова Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова жартылай финалда Вьетнам өкілі Зи Там Нгуенмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қарсыласына берді.
Айта кетейік, біздің спортшымыз мансабында алғаш рет Азия ойындарына қатысып отыр.
Бүгін рингке Наталья Богданова (75 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі) және Торехан Сабырхан (70 келі) да шығады.