locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Рыбакина Қазақстан өкілінің әлемдегі ең үздік бола алатынын дәлелдеді», — Болат Өтемұратов

Елена Рыбакина әлемдік теннистің шыңын бағындырды
«Рыбакина Қазақстан өкілінің әлемдегі ең үздік бола алатынын дәлелдеді», — Болат Өтемұратов
ФОТО: Getty Images

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атағын жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл жетістіктің артында Елена мен оның бүкіл командасының орасан зор еңбегі, таланты, мінезінің мықтылығы және көп жылдар бойғы мақсаткерлігі тұр. Бұл — миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп, шабыттандыратын жеңіс. Бүгінгі жетістік әр жанкүйеріміз үшін ерекше сәт болып, спорттағы жолын енді бастап келе жатқан мыңдаған балаға үлгі болатынына сенімдімін. Елена Қазақстан өкілінің әлемдегі ең үздік бола алатынын дәлелдеді. Бұл — еліміз үшін үлкен мақтаныш әрі Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтады. Қазақстан теннис федерациясының атынан барлық қазақстандықтарды осы айтулы тарихи жетістікпен құттықтаймын!» — деді Болат Өтемұратов.

Айта кетейік, Рыбакина — «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы. 2022 жылы ол осы санаттағы алғашқы титулын жеңіп алып, Уимблдон чемпионы атанды. 2026 жылы қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде жеңіске жетті.

Рыбакинаның мансабындағы тағы бір маңызды жетістік — 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісі.

Еске салайық, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалында үш сетте қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңді — 3:6, 6:1, 6:4. Рыбакинаны сәтті өнер көрсетуімен Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында Рыбакина америкалық Кори Гауффпен ойнайды. Матч 12 қыркүйек таңертең Қазақстан уақытымен өтеді деп күтілуде.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie