Касым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атағын иеленуімен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«WTA рейтингінде бірінші орынға шығуыңыз – феноменалды талантыңыздың, орасан зор еңбегіңіздің және өзіңізге деген мызғымас сеніміңіздің арқасында бағындырған спорттық биігіңіз. Бұл тарихи жетістігіңізбен Қазақстан спортын асқақтатып, есіміңізді әлемдік теннис тарихына жаздыңыз.
Сіздің жолыңыз еліміздің мыңдаған жас спортшысы мен жер-жаһандағы миллиондаған теннис жанкүйеріне шабыт беретін үлгі болып отыр. Сондай-ақ кортта да, қоғамдық орындарда да түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде өзіңізді жоғары мәдениеттілікпен ұстайтыныңызды атап өткім келеді. Бұл сіздің зияткерлігіңіз бен тәрбиелілігіңізді айқын көрсетеді», – делінген мемлекет басшысының құттықтауында.
Еске салайық, қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңуі қазақстандық теннисшіні WTA жекелей сындағы әлемдік рейтингінің бірінші орнына шығарды. Оның үстіне, Рыбакина турнирге қатысып жатқан өзге теннисшілердің нәтижелеріне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы болып қала береді.
АҚШ ашық чемпионатының финалына шығу үшін Рыбакина Коко Гауфф – Мира Андреева жұбының жеңімпазымен кездеседі.