Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шықты!
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша қиын жеңіске жетті. Алғашқы сет Елена ойлағандай өрбіген жоқ және табанды қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды — 3:6. Екінші партияда Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді түрде жеңіске жетті — 6:1.
Шешуші партия барынша тартысты өтіп, Қазақстан теннисшісінің пайдасына аяқталды — 6:4! Қарсыластар кортта 2 сағат 15 минут өткізді.
Турнирдің финалына шығу үшін Рыбакина Коко Гауфф — Мира Андреева жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сонымен қатар, Рыбакина мансабында тарихи жетістікке қол жеткізді. Жеңіс пен жартылай финалға шығу Еленаны турнирдегі басқа қатысушылардың нәтижесіне қарамастан, WTA әлемдік рейтингінің бірінші орнына шығарды!
Еске салайық, биылғы US Open турнирінде Рыбакина кезек-кезегімен Тея Фродинді (585-орын), Джесика Бусас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) жарыстан шығарды.


