locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина АҚШ турнирінде: қазақстандық теннисшінің ресейлікке қарсы матчін қайдан көруге болады

Турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды
ФОТО: КТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан "мыңдық" турнирінің 1/8 финалында ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакина ресейлік теннисшіге қарсы кортқа Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де шығуы тиіс. Матчтың тікелей трансляциясы осы жерде қолжетімді.

  • Матчтың ең қызықты сәттері Telegram-дағы Sports24.kz арнасында live режимінде қолжетімді

Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші АҚШ өкілі Тейлор Таусендті сенімді жеңді. Қазақстан өкілі қарсыласын екі сетте (6:3, 6:4) тізе бүктіріп, жарыстың келесі кезеңіне сенімді өтті. Ал үшінші айналымда поляк Магдалена Фрехті жаңбырлы ауа райына қарамастан ұтты.

Цинциннати турнирінің жеңімпазы жекелей сында WTA рейтингінде 1000 ұпайға ие болып, 1 086 220 доллар олжалайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 7 433 076 доллар.

Айта кетейік, бұл турнирдің қазіргі чемпионы – жақында Еленаны жарыстан шығарған поляк теннисшісі Ига Швёнтек.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie