locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Медведев финалда камбэк жасап, Almaty Open турнирін екінші жыл қатарынан жеңіп алды

Ресейлік теннисші ATP 250 турнирінің финалында камбэк жасап, мансабында алғаш рет чемпиондық атағын қорғады.
Теннис
Медведев финалда камбэк жасап, Almaty Open турнирін екінші жыл қатарынан жеңіп алды
Фото: ATP

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Алматыда өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанып, чемпиондық атағын қорғады, деп хабарлайды Sports24.kz.

25 қазанда өткен жарыстың финалдық матчында әлемнің бесінші ракеткасы ATP рейтингінде 128-орында тұрған Грузия өкілі Николоз Басилашвилимен кездесті.

Бірінші сет грузиялық теннисшінің пайдасына шешілді: ол тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Алайда Медведев матч барысын өзгертіп, екінші партияда 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Шешуші сетте ресейлік ойын барысын бақылауда ұстап, кездесуді жеңіспен аяқтады — 6:3. Матч 1 сағат 50 минутқа созылды.

Кездесу барысында Медведев 22 эйс жасап, он брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, 30 жастағы ресейлік Almaty Open турнирінің чемпионы атанып, титулын екінші жыл қатарынан қорғады. Сонымен қатар Медведев кәсіби мансабында алғаш рет ATP турниріндегі чемпиондық атағын сақтап қалды.

Алматыдағы бұл трофей теннисші үшін мансабындағы 25-ші және 2026 жылғы маусымдағы төртінші жүлде болды.

Еске салайық, Медведев жартылай финалда жарақатына байланысты кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған қазақстандық Александр Бубликті жеңген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie