locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бес гол соқса да, мейлі». Гави «Эль-Класико» алдында Мбаппе туралы күтпеген мәлімдеме жасады

«Барселона» жартылай қорғаушысы «Реалдың» француз шабуылшысын жоғары бағалап, оның «Алтын допты» жеңіп алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Футбол
Фото: Ла Лига

«Барселонаның» испаниялық жартылай қорғаушысы Гави мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе туралы «Эль-Класико» қарсаңында пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Каталониялық клуб футболшысы ESPN-ге берген сұхбатында француз шабуылшысының ойынына тәнті екенін және оны қазіргі заманның ең мықты ойыншыларының бірі деп санайтынын айтты.

«Мбаппе — әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі. Мұны тек соқыр адам ғана байқамауы мүмкін. Ол — айрықша әрі аса қауіпті ойыншы», — деді Гави.

Испаниялық футболшы Мбаппенің өткен маусымдағы өнеріне де тоқталды. Оның пікірінше, ірі командалық трофейлердің болмауы француздың жеке шеберлігін бағалауға әсер етпеуі керек.

Сонымен қатар Гави «Алтын доптың» иегері оның командаласы Ламин Ямаль болады деген үмітін білдірді.

Жартылай қорғаушыдан алдағы «Эль-Класикода» «Барселона» жеңіске жеткен жағдайда, Мбаппенің хет-тригіне келісер-келіспейтіні де сұралды.

«Әрине! Ол төрт немесе бес гол соқса да, мейлі, бастысы — біз жеңуіміз керек. Мен бұған еш ойланбастан келісер едім», — деп жауап берді испаниялық футболшы.

Еске сала кетейік, «Барселона» мен «Реал» Испания чемпионатының оныншы туры аясында 25 қазанда кездеседі. Матч «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie