locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық балуан Үндістаннан келген қарсыласын ойсырата жеңіп, әлем чемпионатының жүлдесін иеленді

Қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде рейтингі жоғары үндістандық қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата жеңді.
Басқа спорт түрлері
Қазақстандық балуан Үндістаннан келген қарсыласын ойсырата жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатында медаль иеленді
Қазақстандық балуан Үндістаннан келген қарсыласын ойсырата жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатында медаль иеленді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Асхар Құрбаев Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қазақстан өкілі үндістандық балуан Лалитпен кездесті.

Белдесу Құрбаевтың 9:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Қазақстандық балуан қарсыласын ұпай алуға мүмкіндік бермей, тартыстың барысын толық бақылауында ұстады.

Айта кетерлігі, турнир қарсаңында Құрбаев Біріккен әлем күресі (UWW) ұйымының әлемдік рейтингінде небәрі 37-орында тұрған еді, ал оның үндістандық қарсыласы сегізінші сатыда орналасқан болатын.

Осылайша, қазақстандық балуан рейтингі жоғары қарсыласынан басым түсіп, өз алаңында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жүлделер қоржынына тағы бір медаль қосты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie