locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» — «Реал» матчының билеттері қымбаттап кетті: Эль-Класикоға бару құны белгілі болды

Испания алпауыттарының принципті текетіресін тамашалау үшін жанкүйерлер жүздеген еуро төлеуге мәжбүр болады.
Футбол
Фото: Барселона

Испания Ла Лигасының оныншы турында өтетін «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы матч билеттерінің құны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бұл туралы Sports24.kz Cinco Días басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испаниялық басылымның мәліметінше, алдағы Эль-Класиконың ең арзан билеті 476 еуро тұрады. Салыстыру үшін, 2021 жылы бұл текетіресті тамашалаудың ең төменгі бағасы 99 еуро болған.

Осылайша, бес жыл ішінде ең қолжетімді билеттердің бағасы бес есеге жуық өскен.

Жаңартылған «Камп Ноу» стадионындағы VIP-аймақтарда матч көру одан да қымбатқа түседі. Премиум орындардың бағасы 2050-ден 5500 еуроға дейін жетеді, ал арнайы қонақүй пакеттерінің құны 6000 еуроға дейін баруы мүмкін.

Екі испандық алпауыт та матчтардан түсетін табысын арттыру мақсатында стадиондарындағы премиум қызметтерді белсенді түрде дамытып жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар, «Барселона» жанкүйерлерінің бір бөлігі бағаның өсуіне алаңдаулы. Өйткені командасының үйдегі ойындарына бару қарапайым жанкүйерлер үшін барған сайын қолжетімсіз болып барады.

Еске салайық, «Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесу 25 қазанда «Камп Ноу» стадионында өтеді. Каталониялықтар Испания чемпионатында көш бастап келеді және мадридтіктерден алты ұпайға озып тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie