locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Атырауда бес гол соғылып, нәтижелі тең ойын тіркелді: ҚПЛ-да екі матч аяқталды

«Ертіс» «Атырауды» камбэк жасап жеңсе, «Алтай» мен «Елімай» нәтижелі тең ойынмен тарқасты.
Футбол
Атырауда бес гол соғылып, нәтижелі тең ойын тіркелді: ҚПЛ-да екі матч аяқталды
Фото: ФК Елимай

Жексенбі, 25 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында екі матч өтіп, онда «Ертіс» «Атырауды» жеңсе, «Алтай» мен «Елімай» ұпай бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Атырауда жергілікті команда павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Кездесу қонақтардың 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

14-минутта Мамаду Мбодж павлодарлықтарды алға шығарды. Алайда үзіліске дейін Дорже Пантелич есепті теңестірді. Екінші таймның басында Руслан Юденковтың автоголы алаң иелеріне алға шығуға мүмкіндік берді.

61-минутта Тимур Мухаметжанов есепті теңестірсе, араға 11 минут салып Юденков өз қателігін түзеп, «Ертіске» жеңіс сыйлады.

Параллель өткен кездесуде «Алтай» семейлік «Елімайды» қабылдады. Командалар екі голдан соғып, тартысты 2:2 есебімен тең аяқтады.

Алаң иелері сапынан Драган Стоисавлевич пен Дарко Додев көзге түсті. Қонақтар қатарында Марин Беланчич пен Рамазан Оразов гол соқты.

25 қазандағы ҚПЛ матчтарының нәтижелері:

«Атырау» — «Ертіс» — 2:3.
«Алтай» — «Елімай» — 2:2.

Осы кездесулерден кейін «Ертіс» 29 ұпай жинады, ал «Атыраудың» еншісінде 27 ұпай қалды. «Елімайдың» активінде 45 ұпай болса, «Алтай» 27 ұпайға ие.

Кейінірек 29-тур аясында тағы екі матч өтеді: «Ақтөбе» — «Қайрат» және «Астана» — «Қайсар».

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie