locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Медведев Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалы кезінде жарыстан шеттетілді

Әлемнің бесінші ракеткасы ATP-500 турнирінде доппен жанкүйердің көзіне тигізіп алды
Даниил Медведев Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалы кезінде жарыстан шеттетілді
ФОТО: instagram.com/medwed33/

Ресейлік Даниил Медведев Қытайда Новак Джоковичке қарсы өткен турнирдің жартылай финалының екінші сетінде допты көрерменге тигізгені үшін дисквалификацияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч тоқтатылған сәтте Джокович 7:5, 5:3 есебімен алда болды және финалға шығу үшін бір ғана гейм ұтуы керек еді. Ойындардың бірінде Медведев ұпайдан айырылып, эмоцияға беріліп, ракеткамен допты көрермендер трибунасына қарай жіберді. Доп жанкүйерлердің бірінің бетіне тиіп, көзіне зақым келтірді.

Оқиғадан кейін төрешілер бригадасы жағдайға араласты. Кездесудің төрешісі мен турнир супервайзері болған жағдайды талқылап, ресейлік теннисшіні дисквалификациялау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ ресейлік теннисші ATP-500 турнирінде жинаған барлық рейтингілік ұпайы мен жүлде қорының ақшасынан айырылуы мүмкін екені хабарланды.

Турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін 200 рейтингтік ұпай және шамамен 220 мың доллар көлемінде жүлде қарастырылған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie