«Клубқа қош келдің»: Симона Халеп Рыбакинаға үн қатты
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Симона Халеп Елена Рыбакинаны әлемнің үздік теннисшісі атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Құттықтаймын, Елена Рыбакина! Клубқа қош келдің», — деп жазды Халеп әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Айта кетейік, Халептің өзі ұзақ уақыт бойы WTA рейтингінің бірінші сатысында болып, әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде 64 апта өткізген. Румыниялық теннисші кәсіби мансабын 2025 жылдың ақпанында аяқтады.
Еске салайық, қытайлық Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингін бастап, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты.
АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Елена үшін бұл Нью-Йорктегі турнирдегі мансабындағы алғашқы жартылай финал болмақ.
Чжэн Циньвэньмен матчқа дейін Рыбакина US Open турнирінде WTA рейтингінде 585-орында тұрған Тея Фродинді, Джессика Бузас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) кезек-кезек жеңді.