Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдегі екі жеңісі үшін қанша табыс тапты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығып, қомақты жүлде қорына ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина алғашқы сетте 6:1 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Польша өкілі 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Шешуші үшінші партияда Елена қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, Кавадағы бір геймге қарсы алты гейм жеңіп алды.
Үздік төрттікке енгені үшін спортшы 66 003 доллар (шамамен 30 миллион теңге) алады. Сонымен қатар, бұл нәтиже оған рейтингтік 195 ұпай әкеледі.
Жарыс 19-25 қазан аралығында хард корттарда өтеді. Жалпы жүлде қоры 1,2 миллион долларды құрайды.
24 қазанда өтетін ширек финалда қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің жартылай финалына шықты