locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресейде Ризабек пен Садулаевтың әлем чемпионатындағы белдесуі туралы мәлімдеме жасалды

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді
Басқа спорт түрлері
Ресейде Ризабек пен Садулаевтың әлем чемпионатындағы белдесуі туралы мәлімдеме жасалды
ФОТО: United World Wrestling

Ресейде Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионаты қарсаңындағы жағдайға қатысты пікір білдірілді. Бұл додада екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев бозкілемге шығуы мүмкін. Қазақстандық жанкүйерлер үшін турнирдің басты интригаларының бірі — ресейлік балуанның Ризабек Айтмұханмен ықтимал кездесуі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Садулаев визасына қатысты мәселелерге байланысты 2025 жылғы әлем чемпионатын Загребте өткізіп алды. Енді ресейлік спортшы әлемдік додаға оралып, кезекті алтын медаль үшін күресуді көздеп отыр.

«Еркін күрестен команданың он қатысушысының қатарында аса жігерлі Абдулрашид Садулаевқа орын табылатынына күмән жоқ. 2025 жылы екі дүркін Олимпиада чемпионы визасына қатысты мәселелерге байланысты Загребтегі әлем чемпионатына қатыса алмады және рекордтық жетінші алтын жүлде үшін күресе алмады. Мұндай жетістікке тек екі балуан — болгар Валентин Йорданов пен кеңес күресінің аңызы Александр Медведь қана жеткен», - делінген Ресей Олимпиада комитетінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Айтмұхан өз кезегінде Қазақстанның еркін күресіндегі басты өкілдердің бірі саналады.

Екі атақты балуанның ықтимал текетіресі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызары сөзсіз. Алайда олардың кездесетінін растау үшін жеребе нәтижесі мен тиісті салмақ дәрежелеріндегі бәсекелерді күту қажет.

Күрес түрлерінен маусымның басты турнирі 24 қазан мен 1 қараша аралығында «Барыс Аренада» өтеді. Бағдарламаға еркін, грек-рим және әйелдер күресінен жарыстар енеді. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан астанасына әлемнің 100-ге жуық елінен шамамен 900 спортшы келеді.

Үйдегі күрес әлем чемпионатында Ризабек Айтмұханның белдесулерін қайдан және қашан көруге болады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie