locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Польшаның Катажина Каваны жеңді
Теннис
Елена Рыбакина Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты
ФОТО: Getty Images

WTA рейтингінде бірінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында польшалық Катажина Каваны (әлемнің 128-ракеткасы) жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакина бірінші сетте 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Алайда екінші партияда Польша өкілі басым түсіп, 6:3 есебімен ұтты.

Шешуші үшінші сетте Елена қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады: Каваның бір гейміне жауап ретінде алты гейм жеңіп алды.

Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы ресейлік теннисші Диана Шнайдер болады. Кездесу 24 қазанда өтеді.

Еске салайық, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемнің 105-ракеткасы Полина Кудерметова болды. Қазақстандық теннисші алғашқы бес геймді жеңіп, есепте сенімді алға шықты. Ал содан кейін Өзбекстан өкілі денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie