Билли Джин Кинг кубогы Рыбакинаға шешімінен кейін қолдау білдірді
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Испанияға қарсы матчына қатыспайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Билли Джин Кинг кубогының баспасөз қызметі қазақстандық теннисшінің 2026 жылғы турнирдің финалдық кезеңінен шеттетілуіне қатысты пікір білдіріп, оған қолдау сөздерін жолдады.
«Тезірек сауығып кет, Елена», — делінген турнирдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін әлемнің үздік теннисшісі ағзасына түсетін шамадан тыс жүктемеге байланысты турнирге қатыса алмайтынын мәлімдеген еді. Дәл осы себеп бұған дейін оны АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирден бас тартуға мәжбүрлеген болатын.
Еске салайық, Билли Джин Кинг кубогының 2026 жылғы финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Ширек финалда кездесетін Қазақстан мен Испания құрамаларынан бөлек, үздік сегіздікке Италия, Қытай, Украина, Бельгия, Чехия және Ұлыбритания құрамалары енді.