Қазақстан федерациясы Азия ойындарындағы жүлделер үшін сыйақы мөлшерін жариялады
Қазақстанның таеквондо федерациясы халықаралық жарыстарда жеңіп алған жүлделері үшін спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Федерация мәлімдемесіне сәйкес, алдағы Азия ойындарында, сондай-ақ әлем чемпионатында спортшылар мен олардың жаттықтырушылары медальдары үшін төмендегідей марапатталады:
- Алтын медаль: спортшыға 125 мың доллар, жаттықтырушыға 50 мың доллар
- Күміс медаль: спортшыға 10 мың доллар, жаттықтырушыға 5 мың доллар
- Қола медаль: спортшыға 5 мың доллар, жаттықтырушыға 2,5 мың доллар
Сондай-ақ басқа да беделді жарыстарда медаль жеңіп алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды.
Олимпиада ойындары:
- Алтын медаль: спортшыға 250 мың доллар, жаттықтырушыға 100 мың доллар
- Күміс медаль: спортшыға 50 мың доллар, жаттықтырушыға 20 мың доллар
- Қола медаль: спортшыға 20 мың доллар, жаттықтырушыға 10 мың доллар
Азия чемпионаты:
- Алтын медаль: спортшыға 50 мың доллар, жаттықтырушыға 15 мың доллар
- Күміс медаль: жаттықтырушыға 5 мың доллар, жаттықтырушыға 2,5 мың доллар
- Қола медаль: жаттықтырушыға 3 мың доллар, жаттықтырушыға 1,5 мың доллар
Федерация өкілдері атап өткендей, олар үшін спортшылардың қол жеткізген нәтижелерін ғана емес, осы жетістіктерге қосқан жаттықтырушылардың үлесін де бағалау маңызды.
Еске салайық, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарында Қазақстанның атынан таеквондодан сегіз спортшы бақ сынайды.