locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Андерлехт» — «Лион». «Қайратты» сүріндірген команданың матчы. Онлайн көру. LIVE-трансляция

Еуропа лигасының негізгі кезеңі басталған сәттегі айрықша кездесу
«Андерлехт» — «Лион». «Қайратты» сүріндірген команданың матчы. Онлайн көру. LIVE-трансляция
ФОТО: Андерлехт
Еуропа Лигасы
16.09.2026, 15.00
Андерлехт
-
Лион
-

2026/2027 жылғы Еуропа лигасының негізгі кезеңі 16–17 қыркүйекте басталады. Бірінші тур аясындағы кездесулердің бірі бельгиялық «Андерлехт» пен француздық «Лион» арасында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Айта кетейік, дәл осы «Андерлехт» «Қайратты» Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жібермей, алматылықтарды екі матч қорытындысы бойынша 0:6 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал «Лион» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундында түркиялық «Фенербахчеге» жол беріп, Еуропа лигасына төмендеді.

Командалар ресми деңгейде 17 жыл бойы кездескен жоқ. Соңғы ойындар 2009 жылғы тамызға тиесілі: сол кезде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің соңғы раундында «Лион» «Андерлехтті» екі матчтың қорытындысы бойынша 8:2 есебімен ойсырата жеңді. Сондай-ақ командалар 2003/2004 жылғы маусымда турнирдің топтық кезеңінде кездесіп, өз алаңдарындағы матчтарда 1:0 есебімен бір-бірін жеңген.

Сонымен қатар, «Андерлехттің» клуб мұражайында 1983 жылы жеңіп алған УЕФА кубогы бар. Ал «Лионның» ең үздік жетістігі — 2017 жылғы жартылай финал. Сол кезеңде француз командасы «Аяксқа» екі матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жол берді.

Командалар арасындағы текетірестің кезекті тарихы 17 қыркүйекте Астана уақытымен 00:00-де Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында жазылады. Матч трансляциясы — Qazsport телеарнасында.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie