US Open-нан кейін Бубликтің ATP рейтингіндегі орны белгілі болды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) US Open-2026 турнирі аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рейтинг көшін италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Екінші орында германиялық Александр Зверев, үшінші орында испаниялық Карлос Алькарас тұр.
Америкалық Бен Шелтон бірден бес сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Ал канадалық Феликс Оже-Альяссим бесінші орынға түсті.
Қазақстандық теннисшілер арасында ең жоғары нәтижені Александр Бублик көрсетіп отыр. Ол бір саты төмендеп, 17-орынға орналасты. US Open турнирінде Бублик үшінші айналымға дейін жетіп, онда америкалық Томми Полға жол берді.
Қазақстандық басқа теннисшілердің рейтингі:
93-орын: Александр Шевченко – 655 ұпай;
198-орын: Тимофей Скатов – 280 ұпай;
342-орын: Михаил Кукушкин – 154 ұпай;
416-орын: Денис Евсеев – 116 ұпай;
492-орын: Бейбіт Жұқаев – 91 ұпай.
US Open-2026 ерлер арасындағы жекелей сында өткен финалда Зверев Шелтонды жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті.