locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қазақстан атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын» – Елена Рыбакина

Рыбакина бұл жетістік бүкіл ел үшін маңызды екенін айтты
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының қорытындысы бойынша WTA рейтингін басқаратыны туралы жаңалыққа пікір білдіріп, Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл шынымен де тарихи оқиға және Қазақстан атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын. Қазақстанға әр келген сайын, қай қалаға барсам да, теннис ойнап жүрген көптеген баланы көремін. Теннис корттарына келетін балалардың саны күннен-күнге артып келеді, бұл жай ғана керемет.

Жасөспірімдердің осыншама көпшілігі менен үлгі алуы бір нәрсені дәлелдейді: егер өзіңе сеніп, аянбай еңбек етсең, кез келген мақсатқа жетуге болады. Қазір бірдеңе айту маған қиын, өйткені телефонымды әлі тексерген де жоқпын, бірақ, әрине, мені көптеген адам құттықтап жатыр.

Қазір мен Қазақстанда емеспін, бірақ елге оралған соң барлығына міндетті түрде алғыс айтып, ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстанға оралу мен үшін керемет сезім. Өкінішке қарай, ол жаққа жиі бара алмаймын, бірақ бұл бүкіл ел үшін тамаша жетістік деп ойлаймын», – деді Рыбакина.

Еске салайық, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді үш сетте – 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шыққаны үшін Рыбакина 1 450 000 доллар сыйақы алды. Сондай-ақ әлемнің жаңа бірінші ракеткасы кем дегенде 780 рейтингтік ұпайды өз қоржынына салатынына кепілдік берді.

Рыбакинаны сәтті өнер көрсетуімен Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. Қазақстан президенті WTA рейтингінде бірінші орынға шығу – Рыбакинаның феноменалды талантының, орасан зор еңбегінің және өзіне деген мызғымас сенімінің арқасында бағындырған спорттық биігі екенін атап өтті.

WTA рейтингінде бірінші орынға шығуыңыз – феноменалды талантыңыздың, орасан зор еңбегіңіздің және өзіңізге деген мызғымас сеніміңіздің арқасында бағындырған спорттық биігіңіз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie